Жезқазғанда ер адам 14 жастағы оқушыны пышақтап кетті

Жезқазғанда ер адам 14 жастағы оқушыны пышақтап кетті

Жезқазғанда мектеп оқушысын пышақтап кеткен ер адам ізін суытпай ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz. 3 маусымда кешке Қарағанды облысы Жезқазған қалалық ПБ-ға 14 жастағы мектеп оқушысы пышақ жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілгені туралы хабарлама түскен.

Жәбірленушінің айтуынша, оқиға үйінің жанында болған. Оған бейтаныс жігіт келіп, күтпеген жерден пышақ тығып алған. Кейін өзі қашып кеткен.
Учаскелік полицейлер ізін суытпай 20 жастағы күдікті ер адамды ұстады. Ол жәбірленушіге пышақ салғанын мойындады. Оның айтуынша, ол қыздармен қарым-қатынас орната алмаған және сол үшін олардан кек алмақ болған. Осылайша қару алып көшеге шыққанда бірінші болып жәбірленген қыз көзіне түскен. ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды.