Делдалдардың дәурені жүріп тұр
«Айқын» ақпарат
/ 12.06.2021
Делдалдардың дәурені жүріп тұр
«
Жалпы, сауданың заманауи форматын дамыту қажет екен. Ал қазір Қазақстандағы заманауи форматтағы сауданың үлесі 4 пайыздан аспайды. Дамыған елдерде 70 пайызға дейін жеткен. Демек, жаңа заманғы форматтағы сауданың дұрыс жолға қойылмауының өзі-ақ негізгі табыс делдалдардың қалтасына түсіп жатқанын айғақтайды. Мысалы, сүттің 88 пайызы, еттің 80 пайызы нарыққа жеке қоралардан ағылса, картоптың 72 пайызы жекелеген үйлердің ауласынан тасылады екен. Міне, араға делдалдар түсіп, тауар өндірушілердің еңбегін жеп кететін сәт бұл!
Отынды да оңдырмай отыр
Сондай-ақ бүгінде бағаны арзандатуға тиісті биржалар биліктің де, бизнестің де көңілін көншітпей тұр. Егер сатылатын не сатып алынатын көмірдің, цементтің, соя бұршағының, картоптың, ұн мен қанттың көлемі 60 тоннаға, астықтың көлемі 300 тоннаға, арпа мен мақтаның көлемі 600 тоннаға тең болса немесе одан асып кетсе, оларды өткізу тек тауар биржасы арқылы ғана жүзеге асады. Бензин, дизель отыны, битум және басқа да бірқатар тауар ірі көлемде тек биржада саудаланады. Алайда елде қатаң бәсекелі нарық тудырып, өнім мен шикізат бағасын төмендетіп, бизнеске де, мемлекетке де мол пайда әкелуге тиіс биржалар әзірге әлжуаз болып тұр. Мысалы, антимонополиялық орган коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы көмірді сату саласына тергеу жүргізген. Сонда анықталғандай, өндірушілер өз өнімдерін өткізу үшін төл биржаларын құрып алған. Өндіруші компаниялар жылыту маусымы таяғанда биржалар арқылы өздері өндірген көмірді түгел сыбайлас жеткізушілерге сатып жібереді. «Шын мәнінде, сол көтерме сатып алушылар тек қағаз жүзінде ғана бар делдал болып шығады. Олардың төл кеңселері жоқ. Көбі көмір сақтауға арналған жабдықтар мен қоймалар жоқ жеке пәтерлерде және жеке үйлерде орналасқан. Кейбірінің қызметкерлері 2 немесе 5-6 адамға дейін ғана» деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі. Ресми дерекке сүйенсек, елімізде бір жыл ішінде коммуналдық-тұрмыстық мақсатта тұтыну үшін өндірілген 18 миллион тонна көмірдің 10,5 миллион тоннасы биржа арқылы өткізіліпті. Соның 8,6 миллионы арнайы базасы не сақтау қоймалары жоқ, өнімнің бірде-бір тоннасын қабылдамаған және жөнелтпеген, пәтерде немесе коттедждерде орналасқан өнімсіз делдалдарға сатылған. Ал делдалдардың қанша үстемеақы қосатынын еш орган бақыламайды. Мысалы, «Богатырь-Көмір» ЖШС көтерме сатып алушыларға өз көмірінің 1 тоннасын орта есеппен 2 418 теңгеден өткізген. Ары қарай делдалдар тұтынушыларға оның әр тоннасын 5 925 теңгеден сатыпты. Яғни делдалдар ешқандай жұмыс бітірмей-ақ 145 пайыз үстемесін қосып, қыруар пайдаға кенелген. Сөйтіп, бір маусым ішінде олар Богатырь көмірінен 3,3 миллиард теңге табыс тауып отыр. «Ештеңе жасамайтын делдалдар кесірінен қарапайым халық көмір үшін орасан зор көлемде басы артық ақша төлеуге мәжбүр. Осындай өзара ымыраласу салдарынан Шұбаркөл, Қаражыра және Богатырь көмірінің тұтынушылары 2018-2019 жылдары кем дегенде 52 миллиард теңге ақшаны артық төлеген» деп мәлімдеді монополияға қарсы орган. Тіпті, биыл Павлодар облысында газ қымбаттап, 1 литрі 15 теңгеге бір-ақ көтерілген. Кейін анықталғандай, баға Павлодар мұнай-химия зауыты да өнімді газ желілік ұйымдарына тікелей емес, делдал арқылы беретін болғандықтан шарықтап кетіпті. Ал делдал фирмалар қызмет көрсету ақысын 300 пайызға көтеріп жіберген. Бұл мәселені қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бақылауға алып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Оңай емес екеніне көзім жетті: төртінші баласына аяғы ауыр Аиша көпшіліктен...
Жаңалықтар
Осы жасымда түсінгенім өкінішті: Мақпал Исабекова жақындарының сатқындығына...
Жаңалықтар
«Бұл масқара ғой»: Нұрлан имам жанайқайын жеткізді (Видео)
Жаңалықтар
«Маскаң шешіледі...»: әнші Қарақат Әбілдина Қажылыққа барғандағы әсері жайл...
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстандағы екі жолда көлік қозғалысына тыйым салынады
Жаңалықтар
Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі үйленгеннен кейінгі жағдайы туралы айтты