Еуропа чемпионатында ойнап жүрген құрамалар әр жеңісі үшін қанша еуро алады?

Еуропа чемпионатында ойнап жүрген құрамалар әр жеңісі үшін қанша еуро алады?

Еуро-2020 жүлде қоры - 371 миллион еуроны құрайды. Турнирге жолдама алған 24 команда минималды 9,25 миллион еуро алады. Турнирдің топтық кезеңінде әр команда жеңісі үшін 1,5 миллион еуро алса, тең ойын үшін 0,75 миллион еуро алады. Турнирдің 1/8 финалына шыққан әр командаға 2 миллион еуродан беріледі. Ширек финалға шыққан 8 командаға 3,25 миллион еуро беріледі деп бағалануда. Ал, жартылай финалда 5 миллион еуродан алады. ЕУРО-2020 чемпионы 10 миллион еуро, ал күміс жүлдегері 7 миллион табады. Турнирдің жартылай финалы мен финалы Лондондағы Уэмбли стадионында өтеді.