7 жыл бойы жасырынып келген күдікті ұсталды

7 жыл бойы жасырынып келген күдікті ұсталды

Шымкент қаласында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында топпен бірге зорлық жасап, сот төрелігінен жасырынып жүрген күдіктіні ұстады. Бұған дейін полиция оның үш серіктесін тұтқындап, қылмыстық жауапкершілікке тартқан еді. Олар 2014 жылдың наурыз айында Шымкент қаласының Игілік ауылында Москвич-412 автокөлігінің салонында 23 жастағы таныс қызды зорлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қылмыскерді іздеуге республиканың қалалары мен облыстарының полиция департаменттерінің жеке құрамы бағытталды. Күдіктінің тұрған жерін анықтап, ұстау үшін көршілері мен туыстарынан, жақын достары мен таныстарынан, бұрынғы серіктестерінен жауап алынды. Ол бой жасыруы мүмкін мекенжайлар тексерілді. Тергеу органдарынан жасырынған күдіктіге мемлекетаралық, содан кейін халықаралық іздеу жарияланды. Оның бой тасалауы мүмкін елдерге – Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының ІІМ-не бағдарлар жолданды. Қылмыс жасалғанға дейін күдікті Ресей аумағына бірнеше рет барғаны анықталды. Осыған байланысты қазақстандық детективтер көрші елге іссапарға барды. Соған қарамастан, жеті жыл іздеуден кейін жедел полиция қызметкерлері қашқынның орналасқан жерін анықтап, оны Шымкент қаласында, «Эврика» сауда орталығының жанында тұтқындады.