Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирустың үнді штамы табылды деген қауіп анықталды. Ведомствоаралық комиссия карантин шараларын күшейтуді ұсынды. "Дельта" (үнді штамы) деп аталатын коронавирустың мутацияланған бұл түрі қаншалықты қауіпті? Қазақстанда салынып жатқан "Спутник V" вакцинасы үнді штамынан қорғай ала ма? Бұл сұрақтарға вирусолог Әсел Мұсабекова жауап берді.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да үнді штамын басқалармен салыстырғанда ауыр екенін ескертті. Ресейде коронавирустың үнді штамы мамыр айының соңында анықталды. Содан бері елде, әсіресе, Мәскеуде вирус жұқтырғандар саны күрт көбейген. 11 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың "Дельта" (үнді штамы) деп аталатын нұсқасының таралуына байланысты алаңдаушылық білдірді. Бұған дейін мұндай штамм қатарында үш нұсқа болған еді. Олар: "Альфа" нұсқасы (британиялық штамм), "Бета" (оңтүстікафрикалық штамм) және "Гамма" (бразилиялық штамм).Шотландиялық әріптестердің дерегі бойынша, бұл - өте жұқпалы вирус, ұлыбританиялық штамнан екі есе асып түседі. Клиникада осы штамм бойынша ауруханаға түсу, қайтыс болу ықтималдығы жоғары. Басқа штамдарға қарағанда жұқпалығы 60% жоғары, қазіргі айналымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен ерекшеленеді. Белгілері - іш буындарының қатты ауруы, сондай-ақ, есту қабілетін жоғалту осы штамға тән. Негізгі белгілер тұмауға ұқсайды - бас, тамақ ауруы, мұрыннан су ағуы және дене қызуының көтерілуі, бірақ иіс сезу қабілеті жоғалмайды, көп жағдайда жөтел болмайды. Міне, штамм симптомдарының ерекшелігі осы, - деді Жандарбек Бекшин.Әсел Мұсабекованың айтуынша, ресми деректер әлемдегі "Дельта" нұсқасының таралуының нақты деңгейін дұрыс көрсетпеуі мүмкін. Себебі бұл үнді штамын кейбір ПТР-сынақтары анықтай алмайды. Өйткені жасушадағы РНҚ өзгерген кезде кейбір "Дельта" нұсқасының Ресейде таралу көрсеткіші[/caption]
"Спутник V" вакцинасы жаңа штамнан қорғай ала ма?
Вирусолог Әсел Мұсабекованың айтуынша, "Спутник V" вакцинасының үнді штамына қарсы тиімділігі туралы әзірге деректер аз. Алайда "Спутник V" де AstraZeneca вакцинасы сияқты векторлық екенін ескерсек, вакцинаның екі дозасын алғанда ғана тиімділік артады. Себебі, Ұлыбританияның денсаулық сақтау ұйымының зерттеуінде, вакцинаның алғашқы дозасынан кейін "Дельта" нұсқасына қарсы тиімділік "Альфаға" қарағанда әлдеқайда төмен екені анықталды. Бірақ екінші дозадан кейін айырмашылық айтарлықтай азаяды: "Альфа" (британиялық штамм) жағдайында 88,4%, ал "Дельта" (үнді штамы)жағдайында 80,8%. Демек үнді штамынан қорғану үшін вакцинаның екі дозасын алу қажет екені белгілі болды (бұл РНҚ вакциналарына да, векторлық вакциналарға да қатысты). Осыдан кейін Франция билігі вакцина дозалары мерзімінің арасын жақындатты. Онда бұрын екі дозаның арасы 40 күн болса, осы зерттеуден кейін 21 күнге дейін қысқартты.Вакцина коронавирустан 100% қорғай алмайды, яғни, вакцинацияланған адамдар да вирус жұқтыруы мүмкін. Бұл - қалыпты жағдай. Алайда бұл вакцина көмектеспейді дегенді білдірмейді. Зерттеу қорытындысына қарасақ, елде вакцина алмаған адамдар неғұрлым көп болса, коронавирустың жаңа түрінің таралуы да соғұрлым жоғары болады. Ең жиі қойылатын сұрақтардың бірі: "Қандай вакцинаны алу керек?». Елде қолжетімді және жарияланған ғылыми мәліметтері бар вакцинаны алған жөн. Сонымен бірге екінші дозаны 21 күн ішінде алуға тырысыңыз. Вирустан қорғану үшін санитарлық талаптарды сақтап, көпшілік жүрген жерде бетперде тағып, арақашықты сақтағаныңыз дұрыс, - деп жазды вирусолог Factcheck.kz-ке жариялаған мақаласында.Айта кетейік, Денсаулық сақтау