Nur Media холдингі журналистерді құттықтады

Nur Media холдингі журналистерді құттықтады

Nur Media холдингінің бас директоры Болат Кальянбеков Aiqyn, Turkistan, Liter газеттерінің ұжымын БАҚ күнімен құттықтап, белсенді журналистерді марапаттады.

"Еліміздің  бұқаралық ақпарат құралдары  азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Техниканың озық үлгілерінің дамыған заманында интернет байланысы, баспасөз басылымдары халықты қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етіп отыр. Бұл салада атқарған қажырлы еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер", - деді ол. [caption id="attachment_147366" align="aligncenter" > Фото: Фахрутдинов Радмир[/caption] Болат Кальянбеков ұжым жұмысына сәттілік тілеп, биылғы жетістіктерге де тоқталды. Биыл Nur Media холдингіне тиесілі Astana телеарнасы еліміздің үздік төрт телеарнасының қатарына, ал NS радиосы үздік бестікке кірді. Aiqyn мен Liter сайттары қазнеттегі үздіктер қатарынан көрінді. [caption id="attachment_147367" align="aligncenter" > Фото: Фахрутдинов Радмир[/caption] Turkistan газеті "Үркер-2021" ұлттық сыйлығының "Жылдың үздік газеті", Aiqyn сайтының журналисі «Жылдың үздік журналистік зерттеуі», NS радиосы "Жылдың үздік радиосы" атанды.