Институттың дерегінше, ауыл халқының 89,5%-ы әкім жергілікті тұрғындардың проблемасын біледі деп ойлайды. Алайда, тұрғындардың 69,8%-ы ғана әкім мәселені шешеді деп санайды.
Әсіресе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облысында ауылдағы мәселе жергілікті жерде тез шешімін табады. Іс жүзінде сауалнамаға қатысқандардың әрбір бесіншісі (19,7%) әкімдер ауылдағы мәселені біле тұра шешпейді деп санайды. Ал әрбір оныншы тұрғын (10,5%) әкімдер ауылдағы проблемадан мүлдем бейхабар деген пікірде. Атап айтқанда, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысы тұрғындарының әкімнің жұмысына көңілі толмайды. Айта кетер жайт, ауылдықтардың басым көпшілігі (77,9%) ауыл әкімін жергілікті халық өзі сайласа, ауылдағы проблема бас-аяғы бір жылдың ішінде шешіледі деп ойлайды. Зерттеу биыл 17-27 сәуір аралығында жүргізілді. Оған 14 облыстан 134 ауылдың 18 жастан 2936 тұрғыны атсалысты. Артық-кемі ±1,81.Бұған дейін ауыл әкімін сайлауға бөлінген қаражат туралы жазған болатынбыз.