Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 4 млн 320 мыңға жуықтады

Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 4 млн 320 мыңға жуықтады

11 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 4 319 897 адам COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырды, — деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

«Бүгінгі таңда елімізде 4 319 897 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны 2 422 378 адамға жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Халықты вакцинациялау бойынша өңірлер арасында бұрынғыша Алматы қаласы көш бастап тұр. 587 797 алматылық тұрғын вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерген. Ал ең аз вакцина салынған өңір ретінде тағы да Маңғыстау облысы тіркелді. Бұл облыстағы тек 77 225 адамға вакцинаның бірінші дозасы егілген. [caption id="attachment_150664" align="alignnone" > ©А.Ахметқазы[/caption]