МакГрегор жекпе-жек кезінде аяғын сындырып алды

МакГрегор жекпе-жек кезінде аяғын сындырып алды

Ирландиялық файтер Конор МакГрегор UFC 264-те америкалық Дастин Порьеге қарсы жекпе-жектің бірінші раундының соңында аяғын сындырып алды. МакГрегор артқа жүрген кезде аяғы қайырылып, құлап түсті. МакГрегор раунд аяқталғанға дейін бірнеше соққы алып, артынша жекпе-жек ресми түрде тоқтады.

Дәрігерлер Конор жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын айтып, жеңіс техникалық нокаутпен Порьеге берілді. https://www.youtube.com/watch?v=uNlU99fgALQ