Биыл құрбандық шалатын орын мен қасапшыға қандай талаптар қойылады?

Биыл құрбандық шалатын орын мен қасапшыға қандай талаптар қойылады?

«Қасапханаға міндетті түрде бетперде тағып кіріп, антисептик пайдалануы керек. Арақашықтықты сақтап, бір-бірімен қол алыспауы тиіс. Дене қызуы 37 градустан жоғары, тұмау, өзге де ауруы бар адамдар және жасы 65-тен асқан қариялар, әйелдер мен балалардың құрбандық шалатын орындарға бармағаны жөн», – деді Ершат Оңғар.

Қасапханаға келетін адамдардың дене қызуы өлшенеді. Кіреберіске антисептик пен маска қойылады. Қасапханаға кісі санының көптігін 30 пайыздан асырмай, орындар арасына кемінде 1 метр арақашықтықта жолақтар сызуы қажет. Ақпарат тақтасын жасау немесе қабырғаға қажетті мәліметті ілу, қауіпсіздік ережелерімен танысу қажет.

Құрбандық шалатын арнайы орындарда ASHYQ мобильді қосымшасы іске қосылады.