Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сел 14 шілде күні сағат 16.00-17.00 арасында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінде болды.
«Көксу шатқалында бұршақ аралас жаңбыр жауды. Соның салдарынан сел болды. Осыған байланысты Көксу орман шаруашылығының бірінші кордонына апаратын жол жабылды. Қазір сел тоқтады. Жол тазартылды. Зардап шеккендер жоқ», – деді құтқарушылар.
Бұған дейін су тасқынының алдын алуға қанша қаражат бөлінгенін жазған болатынбыз.