Бір аптада қанша адам кісі қолынан қаза тапты?

Бір аптада қанша адам кісі қолынан қаза тапты?

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.

«Қазақстанда бір апта ішінде 3237 қылмыс болды. Оның 2212-сі бір тәулікте ашылды. Полицейлер 8 кісі өлімі, өлімге әкеп соққан 5 жағдайы, бір қарақшылық, 41 тонау және 505 ұрлықтың ізін суытпай ашты», – деді Тұрлыбек.

Бұған дейін Шығыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қайтыс болғанын жазған болатынбыз.