Өзбекстандық бапкер Токиода Қазақстан құрамасындағы ең мықты боксшы кім екенін айтты

Өзбекстандық бапкер Токиода Қазақстан құрамасындағы ең мықты боксшы кім екенін айтты

Оның пікірінше, Токио Олимпиадасында Қазақстан боксшыларының ішінде Өзбекстан спортшылары үшін ең мықты қарсылас – Бекзат Нұрдәулетов, – деп жазды Sports.kz.

«Мықты қарсылас кім дегенде?.. Қай командада мықтылар көп дегенге келсек... Меніңше, Токиода Қазақстан құрамасынан бір мықты қарсы алдыңнан шығады. Ол – Бекзат Нұрдәулетов. Екатеринбургте 81 келі салмақ дәрежесінде біздің Дилшод Рузметов жеңіліп қалған еді. Сондай-ақ, әзербайжан мен кубалықтар да осал емес. Олардың да жеңіске жетуге мүмкіндігі көп», – деді өзбекстандық бапкер Фаррух Киличев.

Былтыр өтпей қалған Токио Олимпиадасы биыл 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.