23 шілдеде Токиода Олимпиада-2020 ойындарының ашылуы өтті. Қазақстанның туын көтерген Ольга Рыпакова мен Қамшыбек Қоңқабаев бастаған қазақстандық делегация көпшіліктің назарында болды.
Twitter желісінде Ольга Рыпаковаға "Ойындар ханшайымы" деген ат беріліпті. Оған шыққан образы мен сүйемелденген әуен себеп болған.
https://twitter.com/taurustroubles/status/1418595764721184777?s=20
"Бұл костюмдерге бірегей, заманауи және дәстүрлі деп бір сипаттама беруге болады. Бұл әккі шеберлер жасаған жоғары сән туындылары, мен оларға керемет жұмысы үшін алғыс айтамын", - деп келтіреді Рыпакованың сөзін olympic.kz.[caption id="attachment_152601" align="alignnone" > Фото: Olympic.kz[/caption]