Елдос Сметов Қазақстан қоржынына алғашқы медаль салды – Токио-2020

Елдос Сметов Қазақстан қоржынына алғашқы медаль салды – Токио-2020

Отандық дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада ойындарында Қазақстанға алғашқы қола медаль әкелді, деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Қола үшін тартыста Сметов нидерландылық Торнике Тсакодеаны жеңді. Осылайша ол Токиода өткен ойындарда Қазақстан қоржынына алғашқы медаль салды. Еске салсақ, қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов кореялық қарсыласын иппонмен жеңді. Жартылай финалда жапон дзюдошысына есе жіберіп алды.