Қазақстандық Жанқош Тұраров 6 тамызда Белфастте (Солтүстік Ирландия) өтетін бокс кешіне қатыспауы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы. Бұл кеште Тұраров жергілікті боксшы Тайрон Маккеннаға қарсы жекпе-жекте бірінші салмақ дәрежесіндегі WBO Inter-Continental титулын қорғайды деп жоспарланған болатын.
Айта кетейік, Тұраров пен Маккеннаның жекпе-жегі екінші рет өтпейін деп тұр. Бастапқыда боксшылар сәуірде Дубайда рингке шығуы керек еді, бірақ бұл жекпе-жек қазақстандық спортшының коронавирус жұқтыруына байланысты тоқтатылды. Тұраров соңғы рет рингке 2019 жылдың шілдесінде шыққан, ол кезде Нұр-Сұлтанда үшінші раундта аргентиналық Мауро Максимилиано Годойды нокаутқа түсіріп, WBO титулын жеңген болатын.