Еліміздің әр түкпірінде таңғы жетіден бастап сайлау учаскелері өз жұмысын бастаған. Көкшетау қаласындағы Станционный кентіндегі №7 орта мектепте орналасқан №50 сайлау учаскесінде де көпшілік ел өз болашағы үшін сайлауға қатысып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Мен «Nur Otan» партиясының атынан сайлау учаскесінде өтіп жатқан процеске қатысып отырмын. Сайлау учаскесінде карантин талаптары толықтай сақталған. Кіреберісте сайлаушылардың дене қызуы өлшеніп жатыр. Халықтың сайлауға қатысу белсенділігі жоғары. Сайлаудың демократиялық принциптерге сай еркін таңдауда жүзеге асырылып жатыр деп толық сеніммен айта аламын», – дейді «Nur Otan» партиясының бақылаушысы Бауыржан Ыбыраев.
Айта кетейік, елімізде барлығы 730 елді мекенде сайлау өтіп жатыр.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы