Сайлау учаскелерінде эпидемиологиялық ахуалға байланысты санитарлық талаптар қатаң қадағаланады. Сағат 10-дағы мәлімет бойынша, 16 пайыздан астам сайлаушы таңдауын жасады.
Атырау облысында сайлау учаскелеріне келіп жатқандардың саны көп. Соған қарамастан, карантин талаптарын ұстану үшін арақашықтық сақтау, келушілердің дене қызуын өлшеуге баса назар аударылып отыр.Жалпы, өңірде 18 әкім сайланады. Оның ішінде Атырау қаласы бойынша 2 әкім, Жылой – 2, Индер – 2, Исатай – 1, Құрманғазы – 6, Қызылкөген – 1, Махамбет ауданында 4 әкім сайланады.
Cондай-ақ, 800-ге жуық құқық қорғау органдарының қызметкерлері де сайлаудың әділ өтуіне атсалысып жатыр.