Семейде жоғары оқу орны өртеніп жатыр – видео

Семейде жоғары оқу орны өртеніп жатыр – видео

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Өрт 8.05 сағатта ауыздықталды. Оқиға орнында 50-ден астам өрт сөндіруші өртті толықтай сөндіріп жатыр.  Өртті сөндіруге 14 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт ошағы кітапхана ғимаратында орналасқан. https://www.youtube.com/watch?v=8oZgErqluhg&ab_channel=AikynGazeti Газ-түтіннен қорғау қызметінің 4 буыны жұмыс істеуде. Өртті толық сөндіргеннен кейін болған оқиғаның себебін ШҚО ТЖД Өрт сөндіру зерттеу сынақ зертханасының мамандары анықтайды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт тұтанған кезде ғимаратта ешкім болмаған. https://www.youtube.com/watch?v=P3InuqrbmUQ&ab_channel=AikynGazeti

Мамандар өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Өртке әкелуі мүмкін қателіктерді дер кезінде қалыпқа келтіру керек. Ғимараттарда жарамды автоматты өрт дабылы, алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс. Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарлау қажет.