UFC-дегі қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов AIGA ережелері бойынша грэпплингке қатысады, - деп хабарлайды Aikyn.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов 15 тамызда Алматыда өтетін Arlan Grip Pro 10 турниріне қатысады. Алдағы жекпе-жекте әуесқой грэпплинг ережелері бойынша Жұмағұлов бұрынғы уақытша M-1 Global чемпионы Арман Әшімовпен кездеседі. Жекпе-жек 60 келіге дейінгі салмақта өтеді. Айта кетейік, Жұмағұлов шілде айының басында америкалық Джером Ривераны бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.