31 шілдеде қазақстандықтар Токио Олимпиадасында төрт түрлі спорт түрінен сынға түседі. Ертең теннисші Елена Рыбакина қола медаль үшін матч өткізеді. Сонымен қатар, боксшылар Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллин 1/8 финалда рингке шығады. 31 шілдедегі сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен): Су добы. Ерлер. Топтық кезең 7:00. Қазақстан - Черногория Садақ ату. Ерлер, жекелей сын. 1/8 финал 7:35. Ильфат Абдуллин - Ли Цзялунь (Қытай) Теннис. Әйелдер, жекелей сын. Қола медаль үшін матч 13:30. Елена Рыбакина - Элина Свитолина (Украина) Бокс. Ерлер, 1/8 финал 14:48. 52 келі. Сәкен Бибосынов - Билал Беннам (Франция) 15:36. 63 келі. Зәкір Сафиуллин - Дайсуке Нариматсу (Жапония).