Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, 34 жастағы тұрғын жарнаманы әлеуметтік желі арқылы таратқан.
«Өскеменде полицейлер коронавирусқа шалдыққаны туралы ПТР тест анықтамасын ешқандай зертханалық талдаусыз-ақ рәсімдеп беретінін жарнамалап, хабарлама таратқан 34 жастағы ер адамды ұстады. Ол үшін 15 мың теңге сұраған. Қазір Қылмыстық кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – дейді Шұғыла Тұрлыбек.
Бұған дейін вакцинация паспортын сатқан дәрігерлер туралы жазған болатынбыз.