Екеуара бір алтын

Екеуара бір алтын

Токио Олимпиадасында жеңіл атлетика, дәлірек айт­­қанда биікке секіру бойынша екі спортшы алтын медаль алды.

1912 жылдан бері алғаш рет Олимпиадада жеңіл атлетикадан алтын жүлдені екі спортшы қатар алды. Тарихи оқиға ерлер арасында биікке секіру бойынша тіркелді. Италия атлеті Джан­марко Тамбери мен катарлық Эсса Баршим 2,37 метр биікке секіріп, бірдей нәтиже көрсетті. Кейіннен төреші спортшы­ларға қосымша секіру арқылы өзара үздікті анықтауға бола­тынын айтқан. Бірақ Баршим төрешіге жүгініп, алтынды екеу­ара бөлісуді сұраған. Ақылдасқан төрешілер тең жағдай деп жария­лап, екеуін де Олимпиада ойын­дарының чемпионы деп атау жө­нінде шешім қабылдады. Осы­лайша, биіктікке секіру сек­торын­да 4 жүлдегер анықталды.

Айбике ЖАНАСЫЛ