Түркістан облысы коронавирус бойынша “сары” аймаққа өтті
Жанат Асан
Түркістан облысы коронавирус бойынша “сары” аймаққа өтті
Түркістан облысы “сары” аймаққа оралды. 3 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиология ахуалын бағалау матрицасы жарияланды.
2 тамызда қалада 122 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
“Қызыл” аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 7 481 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 126 адам қайтыс болды.