Милад Карими Олимпиадада жүлдесіз қалды

Милад Карими Олимпиадада жүлдесіз қалды

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Токио Олимпиадасының үшінші финалына қатысып, гимнастикалық кермедегі жаттығудан сегізінші орын алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Кермеде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы екі рет құлады. Іріктеуде 14.766 ұпай жинаған Милад финалда 11.266 ұпайды місе тұтып, сегізінші орынға тұрақтады. Бұл спорт түрінен жапониялық Таики Хашимото 15,066 ұпаймен жеңіске жетті. Екінші орынды 14,900 ұпаймен хорватиялық Тин Србич, ал үшінші орынды 14,533 ұпаймен ресейлік Никита Нагорный алды. Айта кетейік, Милад Карими іріктеу қорытындысы бойынша үш финалдық жарысқа жолдама алды. Атап айтқанда, қазақстандық гимнаст көпсайыс, еркін жаттығу және гиимнастикалық кермедегі жаттығудан финалға өткен еді. Милад Карими еркін жаттығуларда бесінші, көпсайыста 14-орынға тұрақтады.