Токио Олимпиадасында Өзбекстан құрамасы екінші алтын жүлдеге қол жеткізді. 21 жастағы өзбекстандық зілтемірші Акбар Джураев ауыр атлетикадан бірінші орын алды.
Ол 109 келіде бақ сынап, 430 келі зілтемірді көтеріп, Олимпиада рекордын жаңартты. 423 келі көтерген армениялық Симон Мартиросян екінші орын, 410 келіні бағындырған латвиялық Артур Плесниекс үшінші орын алды. Осылайша қазір Токио Олимпиадасында Өзбекстан қоржынында үш медаль бар: екі алтын, бір қола. Бұл Өзбекстан құрамасының турнир кестесінде 26-орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.