Жүргізуші куәлігін сатып келген полицей ұсталды

Жүргізуші куәлігін сатып келген полицей ұсталды

Ұсталған күдікті қамауға алынды.

Ол «Азаматтарға арналған үкімет» мекемесінің сенімді өкілдерімен бірлесіп, заң бұзған.

«Жол ережелерінің теориялық емтиханын іс жүзінде тапсырмаған, сондай-ақ бұрын көлікті алкоголь ішіп, мас күйінде жүргізгені үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғаларға жүргізуші куәлігі мен олардың телнұсқаларын беру үшін талай рет пара алған деген күдікке ілінді. Тергеу амалдары жалғасуда», – деді тергеушілер.

Күдікті азаматқа қатысты соңғы шешімді сот қабылдайды.