Эпидахуал ушыққан жағдайда коронавирусқа шалдыққан науқастарға 12 мың қосымша төсек-орын бөлінеді

Эпидахуал ушыққан жағдайда коронавирусқа шалдыққан науқастарға 12 мың қосымша төсек-орын бөлінеді

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жұқпалы ауруға шалдыққан науқастар үшін қосымша 12 мың төсек-орын орналастырылады. Бұл туралы Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының басшысы Айма Сағындықова хабарлады.  

"Жұқпалы аурулар ауруханасының науқастарға толуы бойынша ең жоғары көрсеткіш Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қызылорда, Қостанай облыстарында, жан сақтау бөлімінің науқастарға толуы Нұр-Сұлтанда, Маңғыстау мен Атырау облыстарында байқалады", - деді ол.
  Сонымен қатар ол эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде науқастар үшін ауруханаларда және жансақтау бөлімдеріне қосымша қанша төсек-орын орналастырылатынын айтты.  
"Эпидемиологиялық жағдай ушыққан жағдайда жоспарлы медициналық көмекті тоқтатпай, КВИ-ге шалдыққан науқастар үшін қосымша 12 000 төсек-орын, 50 500 реанимациялық төсек-орын  орналастыру бойынша дайындық бар", - деді ол.