Токио Олимпиадасында жаңа рекорд тіркелді

Токио Олимпиадасында жаңа рекорд тіркелді

Токиодағы Олимпиада ойындарында 93 Ұлттық Олимпиада комитеті кем дегенде бір медаль жеңіп алды. Бұл - Олимпиада ойындарының рекорды. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах мәлім етті, - деп жазады РИА Новости. 2020 жылғы ойындарға 205 Ұлттық Олимпиада комитетінің спортшылары, сондай-ақ босқындар командасы қатысқан.

"Токиода жаңа рекорд тіркелді. 93 Ұлттық Олимпиада комитеті кем дегенде бір медаль жеңіп алды, бұл алдыңғы рекордтан алты есе көп", - деді Бах ХОК сессиясында.
Токиодағы Олимпиада ойындары бүгін, жексенбіде аяқталады. Барлық жарыс көрерменсіз өтті.
"Олимпиадада COVID-19 таралмады. Ойынға қатысушылардың 0,02 пайызынан ғана оң сынама нәтижесі алынды. Бұл - өте төмен көрсеткіш", - деді Бах.
Бүгін, 8 тамызда Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ресми түрде аяқталды.