Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Токиода өткен Олимпиада ойындарында үздік боксшыға не үшін Вэл Баркер Кубогі берілмегенін айтты, – деп жазады Vesti.kz. Негізі бұл кубокті Халықаралық бокс федерациясы беретін еді. Бірақ 2019 жылы AIBA ХОК-тың сенімінен шыққан. Сол үшін де Токиодағы бокс турнирін ХОК-тың өзі ұйымдастырған.
"Вэл Баркер кубогін AIBA береді. Ал Токиодағы бокс турнирін ХОК ұйымдастырды. Ал ХОК Вэл Баркер не басқа жүлделерді берумен айналыспайды", – деп келтіреді ХОК баспасөз қызметкерінің сөзін РИА Новости.