Футбол тарихындағы үздік шабуылшылардың бірі Герд Мюллер қайтыс болды

Футбол тарихындағы үздік шабуылшылардың бірі Герд Мюллер қайтыс болды

«Бавария» мен Германия құрамасының бұрынғы шабуылшысы, футбол тарихындағы үздік сұрмергендердің бірі Герд Мюллер қайтыс болды, - деп хабарлайды Мюнхен клубының баспасөз қызметі. Герд Мюллер бүгін таңертең қайтыс болды. Ол 75 жаста еді. Соңғы жылдары ол Альцгеймер ауруымен ауырған. Герд Мюллер клуб пен Германия құрамасының рекордсмені ретінде тарихта қалды. Ол «Бавария» сапында 607 мачта 566 гол соққан. Бундеслигада 365 гол соғып, қатарынан жеті рет үздік бомбардир атанды. Шабуылшы Германия құрамасының сапында 1972 жылы Еуропа чемпионы атанса, 1974 жылы Әлем чемпионатында топ жарды. Сондай-ақ Гердтің қоржынында бір «Алтын доп» пен бір «Алтын бутсы» бар.