Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 7 217 дерегі тіркелді. Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 694 476-ға жетті.
16 тамыздағы мәлімет бойынша 119 547 адам коронавирустан емделіп жатыр.Сондай-ақ коронавирус пен пневмониядан 123 адам өлімі тіркелді. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша еліміздің бір ғана облысы «қызыл» аймаққа енген жоқ. Түркістан облысы – «жасыл» аймақты. Атап айтар болсақ, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.«Олардың ішінде 31 910 пациент стационарда, 87 637 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 937 адамның жағдайы ауыр, 507 пациенттің жағдайы өте ауыр, 228 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», – деп жазылған хабарламада.