3 қызды жеңіл жүріспен айналысуға мәжбүрлеген тұрғын ұсталды – видео

3 қызды жеңіл жүріспен айналысуға мәжбүрлеген тұрғын ұсталды – видео

Орал қаласының тұрғыны интимдік қызмет көрсету үшін жезөкшелік қызметін ұйымдастырып, күш қолдану арқылы үш қызды интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеген.

Күдікті талапқа көнбегендерді жазалаған. Тіпті, келушілер мен клиенттердің аты-жөні, қызметтің бағасы жазылған арнайы журнал табылды. Анықталғандай, притонды 33 жастағы Ш. есімді азаматша ұйымдастырған, – деп жазады Polisia.kz. Ол бұрын ұқсас іс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. – Келіп түскен жедел ақпарат бойынша жедел іс-шаралар өткізу барысында БҚО ПД Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері Мәметова көшесіндегі күдікке ілінген пәтерден 13 тамыз күні сағат таңғы 06:00-де ұйымдастырушысы мен оның 26 жастағы М. және 25 жастағы Л. есімді сыбайластарын ұстады. Олар үш қызды интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеген және бұл үшін ақшалай сыйақы алып отырған. Ұстау кезінде күдіктілердің үйінен 140 000 теңге ақша тәркіленді. Аталған сома – екі күнде көрсеткен қызметтерінің төлемі. Интимдік қызмет көрсеткен қыздар мұны өз еркімен емес, мәжбүрлеу арқылы жасағандарын айтты, өйткені оларға бағынбағаны үшін күш қолданып келген, – деп БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлімдеді.
https://www.youtube.com/watch?v=ZcvaVhz-zCs&t=56s