Қазақстанда 15-28 жас аралығындағы жастардың 6,7%-ы оқымайды және жұмыс істемейді. 2020 жылы бұл көрсеткіш 7,6% болған. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл II тоқсанының қорытындысы бойынша мұндай жастардың ең көп үлесі Қарағанды облысында (9,1%) тіркелген.
Ақмолада жұмыс істемейтін, оқымайтын жастардың үлесі - 8,9%, Қызылорда – 8,1%, Маңғыстау, Ақтөбе және Түркістан облысында – 7,5% және Жамбыл облысында - 7,4%. Ал басқа өңірлермен салыстырғанда "жалқау жастардың" үлесі БҚО-да аз - 3,8%, СҚО-да – 4,8%, Қостанай және Павлодар облыстарында – 4,9%, Атырау облысында - 5,5%. Алматыда бұл көрсеткіш - 5,7%, Нұр-Сұлтанда – 6,9%, Шымкентте - 7,3% екені анықталды. Оқымайтын және жұмыс істемейтін 15-28 жас аралығындағы жастарды NEET (not in education, employment or training) немесе "ни-ни" (ni estudia, ni trabaja) деп атайды. Ұлттық статистика бюросы NEET жастардың статистикасын 2010 жылдан бері тіркеп келе жатыр. Биылғы 6,7% деңгейі осы уақытқа дейінгі ең төмен көрсеткіш болған. Ведомство мәліметінше, Қазақстанда биыл II тоқсанда 15-28 жас аралығындағы жұмыс күші 2,07 млн. адам болған. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,7% болды. Ең жоғары жұмыссыздық Алматыда (5,4%), Нұр-Сұлтанда (4,6%), Қызылорда облысында (4,2%), Қарағанды облысында (4%) және Шымкентте (3,9%) тіркелген. Жастардың жұмыссыздық деңгейі ең аз өмірлер қатарында Атырау (2,4%), СҚО, Жамбыл, Павлодар облыстары (2,9%-дан) бар.