Желіде оттегі жетпей қиналып жатқан науқастың хаты жарияланды

Желіде оттегі жетпей қиналып жатқан науқастың хаты жарияланды

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінде коронавирустан емделіп жатқан науқастың хаты жарияланды. Хат авторы өзіне ауа жетпей, қиналып жатқанын айтады. Автор Instagram-дағы парақшасында хат жариялаған.

"Бұл хатты Шымкент қаласының коронавирустан емдеу орталығында Т.Орынбаев атындағы ЦГО жатқан науқас өз әйеліне жазған. - Маған кислород жетпей жатыр. Бесконца кислород өшіріп жатыр. Мен өліп қалатын шығармын. Мені кислород бар жерге ауыстырыңдар. Басқа шыдай алар емеспін. P.S Науқас қайтыс болды.", - деп жазған ол.
Жазба желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Әзірге құзырлы органдардан ресми жауап жоқ.