Ердос Шәріпбек Азия чемпионатының финалына шықты

Ердос Шәріпбек Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық боксшы Ердос Шәріпбек Дубайда (БАӘ) жасөспірімдер мен жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жек өткізді. Жасөспірімдер турнирінде (2005-2006 ж. т.) 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жартылай финалда Шәріпбек ирандық Месбахи Рузбаханимен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті – 4:1. Осылайша, Ердос Шәріпбек жасөспірімдер біріншілігінің финалына шығып, өзіне кем дегенде күміс медальға кепілдік берді.