Колледждерге оқу пәндерінің 20 пайызын қашықтан өткізуге рұқсат беріледі

Колледждерге оқу пәндерінің 20 пайызын қашықтан өткізуге рұқсат беріледі

Колледждерге оқу пәндерінің 20 пайызын қашықтан өткізуге рұқсат беріледі. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздің 795 колледжінде 470 мыңға жуық студент білім алатын болады. 1-курстарға 150 мыңнан астам студент келеді деп күтілуде. Колледждердің жобалық қуаттылығы оқуды штаттық форматта жүргізуге толық мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқу пәндерінің 20 пайызын қашықтан өткізуге рұқсат етіледі», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Оның айтуынша, колледждерде зертханалық, практикалық сабақтар және өндірістік практика штаттық режимде өткізілетін болады.