Жапонияда екі адам Moderna вакцинасын салдырғаннан кейін қайтыс болды

Жапонияда екі адам Moderna вакцинасын салдырғаннан кейін қайтыс болды

Жапонияда 30 бен 38 жастағы екі ер адам пайдалануға тыйым салынған Moderna вакцинасынан көз жұмды, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан басылымы. 

Бұған дейін вакцина партиясынан бөгде қоспалар табылды, деп хабарлайды NHK телеарнасы. Екі ер адам да тәуекел тобына жатпаған, созылмалы аурулармен ауырмаған. Өлім себебі белгісіз, вакцинамен байланысы анықталып жатыр. Екеуі де вакцина салдырғаннан кейін үш күннен соң қайтыс болды.