Министрлік коронавируспен ауырып жатқан 1793 адамның жағдайы ауыр екенін хабарлады

Министрлік коронавируспен ауырып жатқан 1793 адамның жағдайы ауыр екенін хабарлады

30 тамыздағы мәлімет бойынша 115 694 адам коронавирус инфекциясынан (108 831 КВИ+ және 6 863 КВИ-) емделіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Оның ішінде: 26 181 пациент стационарда, 89 513 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1 793 адамның жағдайы ауыр, 495 пациенттің жағдайы өте ауыр, 232 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.