Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқан 14-ші азамат кім екені анықталды

Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқан 14-ші азамат кім екені анықталды

26 тамыз күні Жамбыл облысы  Байзақ ауданында болған жарылыста қаза тапқан, күні кеше денесі табылған 14-ші азамат кім екені анықталды. Бұл туралы журналист Ирина Советжанқызы Instagram парақшасында жазды. – Бұл Саят Әлімбеков, офицер-майор. Кеше апат орнынан 14-ші адамның денесі табылды деген ақпарат тарағанымен, кім екені айтылмады. Кеше түс кезінде табылған азамат — офицер-майор Әлімбеков Саят Жанатұлы. 1985 жылғы. Ол 28349 әскери бөлімінің офицер-майоры екен. Саяттың артында үш баласы қалды, үлкені 6 сыныпқа барады, жалғыз ұлы биыл 1 сыныпқа аяқ басады екен. Марқұмның достары, қызмет бабында опат болған азаматтың аты-жөні айтылмай жатқанына наразы, – деп жазды ол.