«Техникалық сипаттамасы бойынша қоймадағы оқ-дәрілер жарылмауы тиіс еді» – подполковник Руслан Жылқыбаев

«Техникалық сипаттамасы бойынша қоймадағы оқ-дәрілер жарылмауы тиіс еді» – подполковник Руслан Жылқыбаев

 28349  әскери бөлімі командирінің орынбасары, подполковник Руслан Жылқыбаев қоймадағы өртті сөндіруге қатысты пікір білдірді. «Өртенген қоймадағы инженерлік оқ-дәрілер техникалық сипаттамаларына қарай жарылмауы тиіс. Сондықтан әскери бөлімнің өрт сөндіру тобы өртті оқшаулау туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар оқиға орнына жол патрульдік қызметінің өрт сөндіру бөлімдері жұмылдырылған. Жарылыстың себебін құрамында білікті сарапшылары бар комиссия анықтауы керек. Әскери бөлімнің өрт сөндіру командасы алғашқы сәттен бастап-ақ өртті сөндіруге кірісті. Қалған жеке құрам жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын көшіруге көмектесті, оқиға аймағын қоршауға, әскери бөлімнің басқа объектілеріндегі күзетті күшейтуге кірісті. Бөлімнің барлық әскери қызметшілері, жалпы саны 100-ге жуық адам аталған оқиға орнына тартылды», – дейді ол.