Түрік азаматшасы үйіне Қазақстан Туын іліп, Жамбылдағы жағдайға байланысты көңіл білдірді

Түрік азаматшасы үйіне Қазақстан Туын іліп, Жамбылдағы жағдайға байланысты көңіл білдірді

29 тамыз Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні болып жарияланғаны белгілі. Осы күні Кырыккаледе тұрғыны Қазақстан Туын үйінің балконына іліп қойған.

«Қазақстанда болған жарылыс салдарынан шейіт болған жауынгерлер мен қазақ бауырларымыздың қазасына қатты қайғырдым. Алла Тағала олардың отбасыларына сабыр бергей. Қазақстан – менің ата жұртым, Түркі әлемінде жарқыраған жұлдызы, баршамыздың қара шаңырағымыз.  Егер ата жұртымда менің бір бауырымның қолына тікен батса, мен оның ауыртпалығын сезінемін. Жаралылар тез сауығып кетсін, Алла жұртымызды қорғасын. Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына және барлық қазақ бауырларыма сәлемімді жолдаймын. Олардың ауыртпалығын жүрегіммен бөлісемін. Мен ол жерге барып, оларға қолдау көрсете алмайтындықтан, өз үйімнің балконына ата жұртымның көк Туы мен өз елімнің ай мен жұлдызды Туын іліп, олармен бірге екенімді білдіргім келді», – дейді ол.

Фатма Сөнмез денсаулық сақтау саласының қызметкері және 27 жыл бойы Қазақстан – Түркия қарым-қатынасының дамуына өзінің жеке жобаларымен ерікті түрде үлес қосып келеді. Сондықтан Сөнмез Қазақстан тарапынан бірнеше медаль және сыйлықпен марапатталған.