Алматыда лауазымы жоғары полицей қол астындағы қызметкерді ұрған ба?

Алматыда лауазымы жоғары полицей қол астындағы қызметкерді ұрған ба?

Видеода ер адамның полиция қызметкерін ұрғанын көруге болады, – деп жазды zakon.kz.

Видеодан ақ көйлек пен шалбар киген ер адамның полиция қызметкерін ұрғанын көруге болады.

«Сәлеметсіздер ме? Видеода ақ көйлектегі Наурызбай аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары, полиция майоры Жақыпбаев Қанат Еркінұлы жекпе-жектен спорт шебері ретіндегі шеберлігін қолдана отырып, жас офицерлерді жүйелі түрде осылай ұрады. Департамент басшылығы бұған назар аудармайды. Мен жұрт назарын осы мәселеге аударуды сұраймын. Оның жанында, яғни, Жақыпбаевқа көмектесіп, жас қызметкердің қолын ұстап отырған Криминалдық полиция басқармасының орынбасары Тұрымбетов Ерлік» делінген.

Алматы Полиция департаменті бұл жайтқа байланысты ресми түсініктеме берді. «Бұл факт бойынша қызметтік тексеру басталды. Видео зерттеліп, мән-жай анықталады. Алматы қалалық ПД Тәртіптік комиссиясы кінәлі адамдарға қатысты түбегейлі шаралар қабылдайды», – деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.