Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Катар жерінде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Украинамен тең ойнады. Матч Нұр-Сұлтандағы «Астана Арена» стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды. Кездесудің 2-минутында "Бенфиканың" шабуылшысы Роман Яромчук алыстан соққы жасап, есепті ашты. Үзіліске дейін украиналықтар есепті ұлғайтатын мүмкіндігі болған, бірақ есеп өзгермеді. Ойынға тыңнан қосылған Абат Айымбетов 68-минутта гол соққан еді. Литвадан келген төреші Донатас Румшас бейнеқайталауға жүгініп, оффсайд болғанын тіркеді. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушы 74-минутта Руслан Валиуллин гол соғып, есепті теңестірді. Ойынның 90+3 минутында Данила Сикан украиналықтарды алға шығарса, қазақстандықтар соңғы 90+6 минутта тағы бір гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті. Айта кетейік, ӘЧ-2022 іріктеу кезеңінде Қазақстанда үш ойыннан кейін екі ұпай бар. Ал Украина құрамасы төрт матчтан кейін төрт ұпай еншіледі.