Криштиану Роналду гол салудан әлемдік рекорд орнатты

Криштиану Роналду гол салудан әлемдік рекорд орнатты

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық командалардағы гол салудан әлемдік рекорд орнатты. Рекордтық көрсеткіш 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Ирландия құрамасымен болған матчта болды,  –  деп хабарлайды Vesti.kz. Фаруда өткен А тобының кездесуі 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар құрамында Роналду дубль жасады (89-шы және 90+6-шы минут), жеңілгендер арасында Джон Иган (45) көзге түсті. Роналду бұл матчта құрама үшін 110 және 111-ші голды салды және ирандық Али Даеяның (109) жетістігінен асып түсіп, осы көрсеткіш бойынша әлемдік рекорд орнатты. Сонымен қатар ойында португалдық 15-минутта пенальти жасаған жоқ. Ол 18 жастағы қақпашы Гэвин Базунадан айласын асыра алмады.