Ұлттық санақтың екінші күні 93 мыңнан аса адам сауалнамаға жауап берді

Ұлттық санақтың екінші күні 93 мыңнан аса адам сауалнамаға жауап берді

Олардың 83188-і sanaq.gov.kz сайтында, 8639 Egov порталындағы сайт сілтемесін пайдалана отырып жауап берсе, 1677 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Алғашқы екі күннің нәтижесі бойынша Павлодар облысы алда келе жатыр. Аймақта 16075 адам санақтан өткен. Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан қаласы – 15509 адам санақ сауалдарына жауап берген. Sanaq.gov.kz сайтында сауалнаманы 15 қазанға дейін тәуліктің кез келген уақытында толтыруға болады.