Зайнутдинов Қазақстан тарихындағы үздік сұрмергендер тізіміне енді

Зайнутдинов Қазақстан тарихындағы үздік сұрмергендер тізіміне енді

23 жастаы жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасы сапында сегізінші голын соқты, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. Мәскеулік ЦСКА командасының футболшысы Босния және Герцоговина құрамасының қақпасына 90+6 минутында гол соқты. Осылайша ол Қазақстан ұлттық құрамасы тарихындағы үшінші үздік сұрмерген атанды. Зайнутдинов Дмитрий Бяков пен Сергей Хижниченконы қуып жетті. Бірақ бұл сегіз гол үшін Зайнутдинов 18 ғана кездесу өткізді. Ал Бяков болса, 33 ойын өткізсе, Хижниченко 52 ойында 8 гол соқты. Қазақстан тарихындағы үздік сұрмергендер: 1. Руслан Балтиев — 13 гол (73 матч); 2. Виктор Зубарев — 12 (18); 3-5. Бактиер Зайнутдинов — 8 (18); 3-5. Дмитрий Бяков — 8 (33); 3-5. Сергей Хижниченко — 8 (52); 6. Нурбол Жумаскалиев — 7 (58).