Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ербатырованың мәліметінше, 1-5 қыркүйек аралығында мектеп жасындағы 1 оқушының коронавирусқа шалдыққаны расталған. Бұл жайында Сoronavirus2020.kz сайты жариялады.
«Жазғы каникул кезінде мектеп жасындағы 88 бала қауіпті вирусқа шалдыққан. Олардың бәрі үйінде ата-анасымен байланыста болған. Ал 1 қыркүйектен кейін карантиндік оқшаулау жағдайындағы ата-анасымен болған бір оқушы коронавирусты жұқтырып алған. Бірақ ол мектепке бармаған, сыныптастарымен байланыспағаны анықталды» -дейді Гүлназ Ербатырова.