Қазақстанда қайталама нарықтағы тұрғын үй жыл аяғына қарай 10%-ға дейін арзандауы мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов мәлімдеді, деп хабарлады LS.
Қазірге дейін абаттандырылған қайталама тұрғын үй бағасы шамамен 20%-ға көтерілді. Ермек Мүсіреповтің айтуынша, оған жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкінідігі себеп болған.Сарапшының айтуынша, жаңа тұрғын үйдің 90%-ы ипотека арқылы сатылған болса, қайталама нарықта 60%-ы ипотекамен алынған. Қалғаны адамдар тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін өз қаржысын пайдаланады. Сонымен бірге Алматы және Нұр-сұлтан сияқты ірі қалаларда жаңа және қайталама нарықтағы пәтерлер бірдей баға деңгейінде тұр. Орналасқан жеріне байланысты айырмашылық 5-10% болуы мүмкін. Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа пәтердің бір шаршы метрі орта есеппен 343,8 мың теңге, қайталама нарықтағы тұрғын үйдің бір шарш метрі 272,8 мың теңгеден сатылып жатыр."Қайталама тұрғын үй ипотекалық бағдарламаларының қысқаруына байланысты осы нарықта тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі аз болады. Халықтың қазіргі бағамен пәтер сатып алуға жеткілікті қаражаты аз. Нәтижесінде қайталама тұрғын үй біртіндеп 10%-ға дейін арзандайды. Жыл аяғына қарай бағалар тұрақтауға тиіс", - деді Ермек Мүсірепов.