200 мың қазақстандық ТМД елдеріне көшіп кеткен

200 мың қазақстандық ТМД елдеріне көшіп кеткен

Соңғы 5 жылда ТМД елде­ріне 200 мың азаматымыз қо­ныс аударған.

«Қазақстанда ішкі көші-қон қарқын алды. Бұл тұрғындардың өмір сүруі үшін неғұрлым қолайлы жағдай тапқысы келетінімен байланысты. Пандемияға байланыс­ты көші-қон процестерінің қар­қыны бәсеңдегенімен, 2020 жылы бұл көрсеткіш 2015 жылғы көр­сеткіштен екі есе жоғары. Ішкі көші-қонның негізгі тартылыс нүктесі республикалық маңызы бар қалалар мен өнеркәсіптік батыс өңірлер болып отыр. Ал сыртқы көші-қонның теріс сальдосы 22 мың адамдай болады. Негізгі бағыттарды атасақ, кейінгі бес жылда ТМД елдеріне 200 мыңға жуық адам кеткен», – деді Еңбек ресурстарын дамыту орталығының Стратегия және жобалық басқару департаментінің директоры Александра Молчановская. Оның айтуынша, жастар көбінесе шетелге оқуға барып, сонда қалып қояды. Өйткені онда оқуға түсу жеңілірек әрі ҰБТ тапсыру талап етілмейді. «Кейінгі кезде кадрлардың тоқ­­тамауы проблема ретінде кө­те­ріліп жүр. Әрине, бұл – күрделі мә­селе. Бірақ көші-қон дегеніңіз – табиғи процесс. Біз адамдарға елден кетуге тыйым сала алмаймыз. Халықтың көші-қоны әр­дайым қайтымсыз процесс болады. Азаматтар елде қалғысы келсе, кешенді шаралар қажет. Яғни, барлық бағыт бойынша өмір сүру үшін қолайлы жағдайлар жасау керек», – деді .

Айбике ЖАНАСЫЛ